|
Сайттың мәзiрi
Дауыс беру
Іздеу
Санақ
Барлығы: 0 Қонақтар: 0 Қолданушылар: 0 Авторлық ену
|
Мен, Ақмолда Қамзаұлы Ахметов,
Астана техника-экономикалық колледжінің 2005 жылы ашылғаннан бері директорымын. Колледждің ашылғанына көп болмаса да,
экономикалық мамандық бойынша 3 дүркін, техникалық мамандықтар бойынша 2 рет
түлектер шығарып, білім беру саласында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізе алды. Қазақстанның экономикалық моделі дамуының осы кезеңінде
еңбек нарығында темір жол саласы мамандары сұранысқа ие. Қазақстан Республикасы
Президенті Н.Ә.Назарбаев көлік коммуникацияларының дамуына айырықша назар бөліп
отыр. Сондықтан Астана техника-экономикалық
колледжі темір жол саласына орта буын мамандар даярлауды жүзеге асырады. Техникалық кәсіптік мамандар дайындауда сапаға, білімнің,
дағдының жетілдірілуі мен дамуына, оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына оң жағдай жасалады. Оқу ақысын төлеудің тиімді жүйесі бөліп төлеуге мүмкіндік береді. Тұлдыр жетім балаларға 50%
жеңілдік беріледі. Колледж құрылтайшысы Қазақ қатынас жолдары университеті
болып табылады. Сондықтан колледжден кейін әңгімелесу негізінде осы
университетке қабылданып жоғары білім алуға болады. Құрметті ата-аналар, талапкерлер! Келешекке мамандық
таңдаудың мәні зор. Көлік және коммуникация саласы бойынша мол білім алып,
тұрақты табысты жұмыс табуыңызға жол ашық. Жақсыны таңда! |
RSS Жаңалықтар
Жаңалықтар мұрағаты
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||